ДДҰ коронавирустық пандемияның тез таралып жатқанын ескертті

1289

Бұл проблема әлемнің барлық еліне қатысты.

ДДҰ коронавирустық пандемияның тез таралып жатқанын ескертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 коронавирусының бүкіл әлем бойынша таралуы күшейгенін ескертті. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан  хабарлады.

"ДДҰ-ға COVID-19 жұқтырған 300 мыңнан астам жағдай туралы мәлімет келіп түсті. Бұл проблема әлемнің барлық еліне қатысты. Пандемия тез таралуда", – деді Гебрейесус Женевада өткен брифингте.

ДДҰ басшысы инфекция жұқтырған алғашқы және жүз мыңыншы оқиға арасында 67 күн өткенін айтты. Содан кейін індетті жұқтыруға 11 күн, ал 300 мыңыншыға жетуге төрт күн ғана қажет болған.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу