ДДҰ Қытайдағы коронавирусты айтып, дабыл қағуда

1983

Осы орайда 22 қаңтарда шұғыл отырыс өткізбек. 

ДДҰ Қытайдағы коронавирусты айтып, дабыл қағуда

Қытайда пневмония бір адамнан екінші адамға жұғады. Елдің денсаулық сақтау және гигиена мәселесі жөніндегі мемлекеттік комитеті осындай тұжырымға келіп отыр. 

Euronews басылымының дерегінше, кемінде 14 медициналық қызметкер науқастардан аталмыш вирусты жұқтырған. 

Осы орайда 22 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайға байланысты комитеттің шұғыл отырысын өткізеді. Бұл комитет жаңа вирустың салдары мен оны емдеу жолына қатысты пікірімен бөлісетін болады. 

Естеріңізге сала кетейік, 31 қаңтарда Қытай билігі ДДҰ-ын Ухань қаласындағы белгісіз пневмония түрінің пайда болғанын хабарлаған еді. Бұл шаһар елдің орталығында орналасқан. Ең алғаш вирус көтерме сауда нарығында, нақтырақ айтқанда, теңіз өнімдері сатылатын нарықта жұққан. Жергілікті мамандар 7 қаңтарда ауруды қоздырған 2019-nCoV коронавирус екенін мәлім етті. 

Соңғы дерек бойынша, Қытайда вирусты жұқтырғандардың саны 217-ге жеткен. 198-ы Ухань қаласының тұрғындары, оның 3-еуі аурудан ажал құшқан. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу