ДДҰ Қытайдан балалардағы пневмония эпидемиясының нашарлауы туралы ақпарат сұрады

349

Сонымен қатар, аталмыш елде респираторлық аурулардың жалпы өсуі тіркелді. 

ДДҰ Қытайдан балалардағы пневмония эпидемиясының нашарлауы туралы ақпарат сұрады Фото: inbusiness.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Бейжіңнен балалардағы респираторлық аурулар мен пневмония жағдайларының көбеюі туралы деректерді сұрады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы шамамен бір апта бұрын балалар арасында респираторлық аурулардың көбейгенін хабарлады.

Ұйымның мәлімдеуінше, Қытай билігі бұл өсуді COVID-19 шектеулерінің жойылуымен және “Тұмау, микоплазмалық пневмония, респираторлық синцитиальды вирус (RSV) және SARS-COV-2 сияқты белгілі қоздырғыштардың айналымымен” байланыстырды.

Соңғы деректерге сай, ДДҰ Қытайдың солтүстігіндегі балалардағы анықталмаған пневмонияның өршуін респираторлық инфекциялармен байланысын әзірге нақтылауда.

Ұйым Қытайдағы адамдарға қажетті вакциналарды алу, ауру кезінде үйде болу, бетперде кию және қолдарын үнемі жуу сияқты респираторлық аурулардың қаупін азайту үшін сақтық шараларын сақтауды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу