ДДҰ жаңа пандемияға дайын болуға шақырды

449

Жаңа індет Covid-19-дан әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін.

ДДҰ жаңа пандемияға дайын болуға шақырды Фото: Риа Новости

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Женевадағы ДДҰ-ның жыл сайынғы Ассамблеясында Covid-19-дан әлдеқайда қауіпті жаңа пандемия қаупін жоққа шығаруға болмайтынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүкіл әлемде ауру қоздырып, тіпті, адам өліміне дейін жеткізетін коронавирус сынды індеттің жаңа түрінің қаупі сақталып отыр",- деді ДДҰ басшысы.

Гебрейесус бүкіл әлемді болашақта осы қауіпке ұжымдық жауап беруге дайын болуға шақырды.

Бұған дейін ДДҰ 2020 жылы жарияланған Covid-19 жаһандық пандемиясының мәртебесін жойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу