Жер сілкінісінен 23 миллионға дейін адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) өкілі Адельхайд Маршангтың Женевада өткен баспасөз мәслихатындағы мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Түркия үкіметі өз кезегінде осы елдегі жер сілкінісінен тікелей зардап шеккен адамдардың санын 13,5 миллион адамға жеткенін хабарлады. Үйінділердің астында қалғандарды іздеу және жер сілкінісінің салдарын жою жалғасуда, деп хабарлады қоршаған орта және қала құрылысы министрі Мұрат Құрым.
Оның айтуынша, зардап шеккен аймақтарда жолдар қирап, құтқару жұмыстарын одан әрі қиындатты. Бірнеше жер сілкіністерінен кейін құтқарушылар 100 сағаттан өтіп кетсе де ғимараттардың астынан тірі адамдарды тапқанын еске салып, көбірек адамды құтқаруға жылдамдық керектігін атап өтті.