"Дегендеріңе жеттіңдер": Қорғаныс министрі әскери шенділерге сөгіс жариялады

1712

БАҚ беттерінде Руслан Жақсылықовтың генелардар мен әскери шенділердің жұмысын сынға алып, қызметінен босатқан видеосы тарады. 

"Дегендеріңе жеттіңдер": Қорғаныс министрі әскери шенділерге сөгіс жариялады Фото: видео скриншот

Қорғаныс министрі жеке құраммен жұмыс кезінде қателіктер жіберген генералдар мен әскери шенділердің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жоғары лауазымға қол жеткізіп алған соң босаңсып қалдыңдар ма? Дегендеріңе қол жеткіздіңдер, болды ма? Бірінше кезекте, қоғам сендерден нені талап етеді? Жастардың өмірін сақтап қалу. Сендер алдымен қол астындағы адамдардың өміріне жауаптысыңдар. Олардың жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасау керексіңдер", – деп ескертті ол.

Руслан Жақсылықов Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықовтың лауазымын атқарып отырған қызметіне сай емес деп тапты.

Сондай-ақ генерал-майор Нұртас Қабақовты Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы қызметінен босату туралы өтініш беретінін айтты.

"Кешіріңіздер, бірақ мен сіздердің тарапыңыздан бақылаудың жоқтығын айтып, үнемі нұсқап отыруым керек пе", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу