Декларацияда қандай сыйлықтарды көрсету керек?

339

Келесі жылы жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады.

Декларацияда қандай сыйлықтарды көрсету керек? Фото: Inbusiness.kz

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен қатысушылары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары салық органдарына жиған байлығын ашық көрсетуі керек, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, бұл азаматтар 2025 жылдан бастап бір жылғы табысы туралы да есеп тапсырып отыруға міндетті. Декларацияда көрсетілуі тиіс ақпараттардың қатарында бағалы сыйлықтар да бар. Оған жылжымайтын мүлік, көлік, шетелдік компаниядағы үлес, бағалы қағаздар және шетелде тіркелген басқа да мүлік жатады.

"Егер де бір мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік сияқты сыйлық алса, онда ол міндетті түрде бір жыл ішінде менің атымда жылжымайтын мүлік, пәтер тіркелді, және оны кім берді сыйлыққа сол жеке адамның жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетеді де, декларация тапсырады. Ал егер де мысалы ақшалай сыйлықтар болып жатады ғой, егер ол жеке тұлғадан алған ақшасы және кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбайтын ақша болса алдағы уақытта, оған салық салынбайды", - деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаева.

Яғни, бұл қаражатты декларацияда көрсетудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, түрлі байқаулар мен сайыстарда ұтып алған жүлде жайлы да есеп берілмейді. Ал, кіріс декларациясында бағалы бұйымдар мен қымбат мүліктерді көрсету-көрсетпеу әркімнің өз еркінде. Жеке мақсатта қолданылатын дүние туралы деректі жазбауға болады. Бірақ кейін ол затты сатып, кәдеге жарату жоспарыңыз болса оны бағалап, тіркеп қойғаныңыз абзал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу