Декларациялау аясында 30 млн теңгеден асатын қолма-қол ақшаны үйде сақтауға болмайды

Қаржы банк шоттарында сақталуы тиіс.  

Декларациялау аясында 30 млн теңгеден асатын қолма-қол ақшаны үйде сақтауға болмайды Фото: ernur.kz

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталады. Алматы қаласының мемлекеттік мекемелері мен квазимемлекеттік секторының 100 мыңнан астам қызметкері мен олардың жұбайлары алғаш рет 250.00 нысаны бойынша активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны тапсырады.

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік мекемелер-бұл білім беру, мектепке дейінгі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және өзге саладағы мекемелер мен ұйымдар.

Квазимемлекеттік сектор - бұл мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар.

"Бастапқы декларацияда ҚР шетел елінде тіркелген мүлік пен активтерден басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, инвестициялық алтын, бағалы қағаздар және т. б., сондай-ақ 10 000 АЕК еселенген мөлшерінен (30 630 000 теңге) аспайтын сомадағы қолма-қол ақша көрсетіледі, бұл ретте, мөлшерден асатын сома 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін банктік шоттарда орналастырылуға тиіс.

Декларацияны "eSalyq Azamat" мобильді қосымшасы, "электрондық үкімет" порталы(egov.kz),  сондай-ақ салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz) арқылы ұсынуға болады", – деп хабарлады МКД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу