17 шілдеде жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есебін қағаз түрінде тапсыру мерзімі аяқталады, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, 1,5 миллионнан астам жеке тұлға 250.00 нысанды "кіру" декларациясын ұсынған.
Комитет елімізде биылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталғанын еске салды. Бұл кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) алғаш рет мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары ұсынды.
"Қағаз түрінде жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есебін тапсыру мерзімі 2023 жылдың 15 шілдесінде, электрондық түрде 2023 жылдың 15 қыркүйегінде аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады", - делінген хабарламада.