Декларацияның қабылданғанын қалай білуге болады?

383

Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде биыл декларацияны тапсыру мерзімі 2023 жылғы 15 қыркүйекте аяқталған. Осыған орай ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті декларацияның қабылданғанын қайдан, қалай білеуге болатынын айтты. 

Декларацияның қабылданғанын қалай білуге болады? Фото: www.nalog.gov.ru

"Декларацияның ( 250.00 нысанды "Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация" /270.00 нысанды "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация") қабылданғанын/қабылданбағанын қалай және қайдан білуге болады?", – делінген Мемлекеттік кірістер комитетіне жолданған сауалда.

Декларацияның (250.00 нысанды "Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация" / 270.00 нысанды "Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация" нысаны) қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламаны Сіз декларацияны табыстаған қосымшадан немесе кез келген келесі қосымшалардың бірінен қарап/жүктеп алуыңызға болады:

  • e-Salyq Azamat ("Декларация табыстау" бөлімінде/"СЕН табыстаудың тарихы");
  • "Салық төлеушінің кабинеті" арқылы ("Салық есептілігінің нысандары" бөлімінде/ "Нысандар журналы").
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу