"Делдалдар бау-бақшадан жеміс алып, базарда 3,5 есе қымбат сатады"

1159

Сенатор Әли Бектаевтың айтуына қарағанда, еліміздегі бау-бақша дақылдарының өнімділігі өте төмен, гектарына жеті-сегіз тоннадан аспайды. 

"Делдалдар бау-бақшадан жеміс алып, базарда 3,5 есе қымбат сатады"

"Еліміздегі бар болғаны сегіз алма өңдеу кәсіпорнының қуаттылығы 37 пайыз ғана қамтылған. Бізде бау-бақша мен жүзім шаруашылығын мемлекеттік қолдау нашар. Соңғы 15 жылда осы өндіріспен айналысатын 1 500 шаруашылықтың 2,5 пайызы ғана жеңілдетілген несие алған. Ал екінші деңгейдегі банктер тек екі жобаны қаржыландырған. Осы аралықта өсімдік шаруашылығына бөлінген субсидияның 0,02 пайызы ғана бау-бақшаға бағытталған", – деді Әли Бектаев.

"Баулардың басынан әр келісі 150 теңгеге сатылған алма делдалдар арқылы бөлшек саудада 480-500 теңгеге өткізіліп жатыр. Яғни бау мен базар арасындағы баға айырмашылығы 3,5 есе", – деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу