Экология, геология және табиғи ресрустар министрі Мағзұм Мырзағалиев жануарларды қатыгездіктен қорғайтын заң нормалары қашан қабылданытынын айтты.
"Заң жобасы дайын. Министрлік алаңында Парламент депутаттарымен, қоғам өкілдерімен бірнеше талқылау өткіздік. Заң жобасы қоғам арасында қызу талқыланды. Бүгінде ол Үкіметке енгізілген. Үкімет мақұлдағаннан кейін жуық арада Парламентке түседі", - деген министр жаңа норма бойынша Қазақстан аумағында дельфинарилердің жұмыс істеуіне ресми түрде тыйым салынатынын жеткізді.
Бұған дейін халықаралық ұйымдар атынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірнеше рет осы мәселе бойынша үндеулер жарияланған болатын.
"Ел аумағында дельфинарилерге тыйым салу талабы да заң жобасында көрініс тапқан. Құжаттың нобайында оны жоспарға енгізгенбіз. Кейінгі кезде қоғам тарапынан да, халықаралық қоғам қайраткерлерінен де дельфинариге тыйым салуға қатысты үндеулер айтылғаны белгілі. Сондықтан осындай норманы пысықтадық. Бұл норма тек фельфинарилерге ғана қатысты емес. Өзге де жабайы жануарларды күтіп ұстауға қатысты талаптар нақтыланды", - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Есжан Ботақара