AirAstana авиакомпаниясының Дели – Алматы рейсін орындаған ұшақта жолаушы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның 67 жастағы азаматшасы ұшар алдында өзін жайсыз сезініп, билетін келесі күнге ауыстырған екен.
"Алдын ала мәлімет бойынша, әйел онкологиялық сырқатқа шалдыққан. Ұшу барысында оның жағдайы күрт нашарлаған. Көмек көрсетуге барған Алматы Халықаралық әуежайының медициналық қызметі оның қайтыс болғанын мәлім етті", – делінген Алматы Халықаралық әуежайының ресми парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу