Дели су астында қалды

860

Ел билігі қауіптің "сары деңгейін" жариялады. 

Дели су астында қалды Фото: РИА Новости

Үндістан астанасы Делиде 20 жылда болмаған жауын жауып жатыр. Қаланың басым бөлігі су астында қалды. Табиғат апаты салдарынан кемінде 2 тұрғын опат болды.

15-ке жуық ғимарат құлап, тас жолдардың талқаны шықты. Ағаш-талдар құлап, адамдар қозғала алмай, әуре-сарсаңға түсті. Делидің іскерлік және коммерциялық аудандарының бірі Коннот Плейс қатты зардап шекті.

Нөсер сенбіде басталып, тоғыз сағат ішінде 125 милиметрден астам жауын-шашын жауды. Синоптиктердің болжамынша Үндістан астанасында қатты жаңбыр кем дегенде әлі 3 күнге созылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу