Үндістанда осы аптада әдеттен тыс ыстық ауа-райы орнады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Дели астанасында рекордтық 46,2 градус тіркелді. Ең жоғары температура елдің солтүстік бөлігінде және астанасында сақталып тұр.
Үндістанның ұлттық метеорологиялық басқармасы аномалды жылу толқыны жақын арада басылып, жаңбырлы ауа-райы орнайтынын айтты. Олардың айтуынша, бұл Делиге де, Пенджаб, Хараяна, Уттаракханд штаттарына да әсер етеді. Нөсер мен қатты жел күтіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу