Делси Родригес: Венесуэла АҚШ-тың нұсқауынан шаршады

131

Венесуэланың уақытша билігі Вашингтонның талаптары мен қысымынан қажығанын ашық түрде мәлімдеді.

Делси Родригес: Венесуэла АҚШ-тың нұсқауынан шаршады Фото: РИА Новости

Президенттің міндетін уақытша атқарушы Делси Родригес АҚШ-тың бұйрықтарына бағыну Венесуэла үшін қабылдауға келмейтін жағдайға жеткенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

CNN телеарнасының хабарлауынша, қаңтар айының басында президент Николас Мадуро АҚШ арнайы күштері тарапынан ұсталғаннан кейін, Делси Родригес Ақ үйдің талаптары мен ел ішіндегі қоғамдық пкір арасында тепе-теңдік табуға тырысып келеді.

Вашингтон Каракасқа бірқатар талап қойған. Атап айтқанда, Венесуэла Қытай, Ресей, Иран және Кубамен экономикалық байланыстарын үзуі, мұнай өндіру саласында АҚШ-пен эксклюзивті әріптестікке келуі және ауыр мұнайды сатуда америкалық компанияларға басымдық беруі тиіс.

Бұған дейін Делси Родригес АҚШ Венесуэланы басқармайтынын айтқанымен, Вашингтонның кейбір талаптарын орындауға кіріскен еді.

Ал Президент Дональд Трамп Николас Мадуро қолға түскеннен кейін, Америка Құрама Штаттары "қауіпсіз өтпелі кезең басталғанға дейін" Венесуэланы бақылауда ұстайтынын және елдің орасан зор мұнай қорларын өз қадағалауына алатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу