"Delta Bank" салымшыларына агент банк арқылы төлем жалғасады

903

"Delta Bank" АҚ салымшыларына "БанкЦентрКредит" АҚ арқылы төлем төлеу мерзімі 2020 жылдың 21 мамырына дейін ұзартылды.

"Delta Bank" салымшыларына агент банк арқылы төлем жалғасады

Агент банк арқылы "Delta Bank" АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу 2018 жылдың 17 мамырынан басталған болатын. Осы кезең ішінде салымшыларға жалпы сомасы 90,1 миллион теңгеге өтем төленген, бұл ҚДКБҚ міндеттемелері жалпы сомасының 45% құрайды. 269 адам өтем алған үлгерді, бұл салымшылар жалпы санының 10%-ын құрайды.

Еске сала кетсек, Ұлттық банк басқармасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 194 қаулысы негізінде "Delta Bank" АҚ барлық банктік операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы шешімі 2018 жылғы 25 сәуірде заңды күшіне енген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу