Бүгіннен бастап Delta Bank барлық құрылымдарындағы іс-әрекеттерін доғаруға тиіс. Осы мақсатта Ұлттық банк сотқа жүгінді. Ал процесс аяқталғанға дейін қаржы институтының қызметін уақытша бақылайтын әкімшілік құрылмақ. Өйткені мұндағы депозиттердің барлығы да міндетті кепілдендіру бағдарламасына қатысқан. Оған Қазақстан қаржы орталығы да кепілдік беріпті. Ұлттық валютамен ашылған депозит үшін 10 млн теңге, ал шетелдік ақшамен салынған депозит 5 млн теңгеге дейін өтелуіге тиіс.
Бұған дейін 1-ші қазанда Delta Bank Ұлттық банкке қолдау бағдарламасына қатысуға қайта өтініш бергені бар. Әзірге мұндай қолауға АТФ банк, Еуразиялық банк, Цеснабанк және БанкЦентрКредит қана ие болып отыр. Капитализацияға 410 млрд теңге бөлінген.
Ескерте кетсек, 2016 жылы Ұлттық банк қаржылық міндеттерін атқара алмағаны үшін Delta Bank пен ҚазИнвестБанк-тің лицензиясын жоюға ұйғарым шығаған. Кейін оны бір жылға шегерді.