"Дельта" штамы 192 елде тіркелді – ДДСҰ

681

Осы күнге дейін 235 175 106 адам ауруға шалдыққан.

"Дельта" штамы 192 елде тіркелді – ДДСҰ

Коронавирустың "дельта" штамы 192 елде тіркелді. "Альфа", "бета" және "гамма" штамдары бар елдер мен аумақтардың тізімі толықтырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Алдыңғы аптадағы бюллетеньде 187 мемлекетте болғаны хабарланған еді. Дельта штамы 2020 жылдың қазан айында Үндістаннан таралған болатын.

ДДСҰ дерегіне сүйенсек, 5 қазандағы жағдай бойынша әлемде пандемия басталғаннан бері 235 175 106 адам коронавирус жұқтырған, 4 806 841 адам қаза тапты. Инфекция ең көп тіркелген ел – АҚШ. Мұнда 43 401 318 адам коронавирус дертіне шалдыққан. Келесі орындарда Үндістан (33 853 048), Бразилия (21 468 121), Ұлыбритания (7 934 940) және Ресей (7 637 427).

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу