"Дельта" штамы: Алматыда сырқаттанғандар саны күрт өсті

1036

Жаңа штамды жұқтырғандар саны 23%-дан 78%-ға жетті.  

"Дельта" штамы: Алматыда сырқаттанғандар саны күрт өсті

Алматыда "дельта" штамына байланысты науқастар саны күрт өсті.  Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Соңғы 10-14 күнде қалада инфекция жұқтырғандардың күрт өсуі байқалды. Бастапқыда "дельта" штамы індет жұқтырғандардың жалпы санының 23%-ын құраса, бүгінде бұл 78%-ға жетті. Тәулігіне 144 жұқтырған адам тіркелді, бүгінде 305 науқас анықталды. Бүгінгі күні жұқтырғандардың басым көпшілігі симптомсыз, тек 23 адамда індет белгілері бар", – деді Ержан Бабақұмаров.

Ол сонымен қатар қала тұрғындарын белсенді вакцинациялауға шақырды.

"Олай болмағанда Алматыдағы инфекция жұқтыру деңгейі ауқымды болып кетуі мүмкін", – деп қосты әкім орынбасары.

Еске сала кетсек, шаһарда 2021 жылдың 30 маусым күні жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 305 жаңа жағдайы тіркелді, оның 282-сі симптомдық белгілері бар және 23 симптомсыз. Барлық емделіп шығарылғандар – 59, келіп түскені – саны 104. Инфекциялық стационарларда жалпы саны 703 адам ем қабылдауда, оның ішінде 53 балалар. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  54 адам жатыр. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу