"Дельта" штамы екі есе тез таралады – ДДСҰ

1287

Бұл штамм 85 елде тарап кеткен.

"Дельта" штамы екі есе тез таралады – ДДСҰ

Коронавирустың "дельта" деп аталатын штамы әлемде доминантты болуы мүмкін, өйткені ол SARS-CoV-2 вирусының алғашқы штамымен салыстырғанда екі есе жұқпалы, деп хабарлайды Inbusiness.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатанның Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бастапқыда "дельта" штамы Үндістанда анықталған, бірақ қазір ол әлемнің 85-тен астам еліне таралып үлгерген.

"Бұл штамның басты ерекшелігі – бастапқы вирусқа қарағанда екі есе жұқпалы", – деді Сваминатан.

Ғалым ағзасында мұндай штамм бар науқас екі, төрт, алты, тіпті сегіз адамға жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті. Сол себепті бүкіл отбасы болып дертке шалдығу фактілері көбейген. 

Маман вакцинацияның маңыздылығына қарамастан, коронавирус штамдарымен күресу үшін қорғаныс құралдарын киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау керектігін алға тартты. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу