Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,14 теңгеге төмендеп, 485,11 теңгені құрады.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,16 теңгеге (-0,09) дейін төмендеді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 484,5-486,9 теңгеге, еуро 523-527 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,09 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 24 қазандағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында желтоқсан айындағы Brent фьючерстерінің құны 1,48%-ға өсіп, барреліне $76,07 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 1,62%-ға өсіп, барреліне 71,92 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 486,65 теңге, еуроны 524,46 теңге, рубльді 5,05 теңге деп белгіледі.