Демалыс кезінде арнайы алгоритммен жүруге тура келеді

804

Жаңа талаптар 5-6 күнде белгілі болады. 

Демалыс кезінде арнайы алгоритммен жүруге тура келеді

Билік өкілдері жазға дайындықты бастап кетті. 2020 жылғы демалыс маусымы COVID-19 пандемиясымен тұспа-тұс келді. Сондықтан саяхатшылар үшін арнайы алгоритм әзірленбек. 

"Қазіргі кезде Денсаулық сақтау министрлігі туристік аймақтар мен жағажайларда демалудың арныйы алгоримін әзірлеуде. Оған шезлонгтардың ара қашықтығы, қауыздарда шомылу талаптары кіреді. 5-6 күннің ішінде бұл алгоритмді аламыз деп ойлаймын", – деген Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков қонақ үйлерден туристер мен қызметкерлерді бөлек көлікпен тасымалдау сынды талаптар күшіне ене бастағанын атап өтті. 

"Орналастыру аймақтарында үстелдің ара қашықтығына байланысты нақты талаптар бар. Сондай-ақ қызметкерлерге арнайы бөлінген орыннан басқа жерлерде тамақтануға тиым салынған. Барлық демалыс аймақтарында санитайзерлер орнатылады", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу