Демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?

224

Синоптиктер Қазақстанда 10, 11 және 12 тамызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Демалыс күндері ауа райы қандай болмақ? Фото: inbusiness.kz

Синоптиктердің мәліметінше, 10-12 тамыз аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақыз болады: жаңбыр жайып, найзағай түсіп, екпінді жел соғуы, бұршақ жаууы мүмкін. 10 және 12 тамызда еліміздің солтүстік-батысында, 10 тамызда орталықта, 10-11 тамызда шығыста, 11 тамызда елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі мүмкін: күндіз еліміздің батысында +20+30, солтүстік-батыста +15+28, солтүстікте +15+25, шығыста Ал орталықта +17+28 градусқа дейін ыстық болады, күндіз еліміздің оңтүстік-шығысында қатты ыстық +35+38, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37 градус болады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу