Демалыс күндері 18 градус аяз болады

497

"Қазгидромет" РМК 14-15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Демалыс күндері 18 градус аяз болады

Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райына орталығы Екатеринбургте орналасқан ылғалды циклон ықпал етеді. Жауын-шашын, қар  жауады, жел күшейеді, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады. Еліміздің батыс аймақтарына циклонның артынша солтүстік-батыс антициклонның жылжуымен 15 қарашадан бастап жауын-шашынның тоқтауы болжанады. Түнгі уақытта еліміздің басым бөлігінде – 10-18 градус, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында 2-13 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу