Демалыс күндері 30 градусқа дейін аяз болады

651

"Қазгидромет" РМК 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Демалыс күндері 30 градусқа дейін аяз болады Фото: zhaikpress.kz

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде, орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын мен жел күшейеді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығысты тұман басады.

Ауа температурасы түнде батыста 7-20 - 5-15-ке дейін аяз, солтүстік-батыста 18-30 - 12-22-ге дейін аяз, солтүстікте 17-30 - 10-26-ға дейін аяз болады.

Орталықта 20-30 - 18-28-ге дейін, республиканың шығысында 15-35 - 12-25-ке дейін, оңтүстікте 10-30 - 7-20-ға дейін, оңтүстік-шығыста 7-20-ға дейін аяз болады. Республикада түнде негізгі температура - 12-25 градус аяз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу