Демалыс күндері 34 градусқа дейін аяз болады

557

Синоптиктер Қазақстанда 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Демалыс күндері 34 градусқа дейін аяз болады

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады. Тек еліміздің батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасынмен жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

"Түнде батыста ауа температурасы 10-22 градус аяз, оңтүстік-батыста 3-15 градус аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте 20-30 градус аяз, орталықта 13-22 градустан 20-30 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің шығысында 25-34 градус аяз, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15 аяз, таулы аймақтарда 15-20 аяз болады", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу