Демалыс күндері 34 карантин тәртібін бұзушылық анықталды

571

Полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған мобильді топтар карантин режимін бұзушылықтарды анықтауды жалғастыруда.   

Демалыс күндері 34 карантин тәртібін бұзушылық анықталды

"Таңғы сағат 05:00 шамасында полицияға тұрғыннан түнгі уақытта барлық нормаларды бұза отырып, Шевченко көшесіндегі "Угол 4/1" кафесі ашық тұрғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Тексеру кезінде кафеде он келуші болды. Карантин шараларын бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, "Угол 4/1" иесі бас санитарлық дәрігердің талаптарын елемеген", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша – халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормалардың талаптарын бұзу бойынша тағы бір әкімшілік іс қозғалды.

Демалыс күндері барлығы 34 карантин тәртібін бұзушылық анықталды. Айта кетейік, мұндай рейдтер апта сайын өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу