Демалыс күндері Алматыда 22 градусқа дейін аяз болады

423

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Алматыда ертең, 16 ақпаннан 17 ақпанғы түнге дейін күн жауын-шашынды болады.  

Демалыс күндері Алматыда 22 градусқа дейін аяз болады Фото: aikyn.kz

Жауын-шашынның соңы қалың қарға ұласып, кешке қарай 20 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

17 ақпанға қараған түні 22 градусқа дейін, 17 ақпанда күндіз 14 градусқа дейін аяз болады. Ал 16 ақпанда таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады.

Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы осыған байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады.

"Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден көктайғаққа, жолдарды қардың басуына, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты қауіпсіздік  шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты арттыруға, қатарларды сақтауға және кенеттен маневрлерден аулақ болуға кеңес береміз. 16 ақпанда қарды тазалау және 17 ақпанда түнгі кезеңде қарды жаппай сыртқа шығару бойынша арнайы техника колонналарының жүруіне байланысты автокөлікті жол жиектеріне қоймауды өтінеміз", - деп хабарлады басқарма.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу