Осыған орай қалада көлік қозғалысы схемасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Марафон сағат 07:00-де тұңғыш Президент саябағынан басталады деп жоспарланып отыр.
Бағыты әл-Фараби даңғылы бойымен өтіп, Сәтбаев көшесі, 29/3 мекенжайында орналасқан Орталық стадионда аяқталады.
21 шақырымдық жүгіру бағытының картасы:
Жабылатын жолдар:
- Сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы – Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейін жабылады, оңтүстік жағы ашық болады;
- Сағат 06:45-тен 09:30-ға дейін әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы – Мұстафиннен Назарбаев көшесіне дейін жабылады;
- Сағат 07:10-нан 08:30-ға дейін Сейфуллин даңғылы – әл-Фарабиден Абай даңғылына дейін толығымен жабылады;
- Сағат 08:30-дан 11:00-ге дейін Абай даңғылының оңтүстік жағы – Саин көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін жабылады, солтүстік жағы ашық болады;
- Сағат 07:20-дан 09:00-ге дейін Абай даңғылының оңтүстік жағы – Сейфуллин көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін жабылады;
- Сағат 08:20-дан 10:00-ге дейін Саин көшесінің шығыс жағы – әл-Фарабиден Абай даңғылына дейін жабылады, батыс жағы ашық болады.
10 шақырымдық жүгіру бағытының картасы:
Жүргізушілерге 20 сәуірде таңертең сапарларын жоспарлау барысында осы өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу