Демалыс күндері Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

615

Ауыл шаруашылығы өнімдерін Қостанай облысының 14 ауданынан және 3 қаласынан 50-ден астам кәсіпорын сатуды жоспарлап отыр. 

Демалыс күндері Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Жәрмеңкесі 2 күнге созылмақ. Облыс кәсіпорындары 400 тонна көлемінде 100–ден астам өнім атауын сатуды жоспарлаған: ірілі-ұсақ мал еті, сүт өнімдері, шұжық өнімдері мен ет жартылай фабрикаттары, жарма мен макарон өнімдері, картоп пен көкөністер, ұн, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, сусындар, бал және тб.

Барлық өнім Астана қаласының нарығында қалыптасқан орташа бағадан 10-15% төмен бағамен сатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу