Синоптиктердің болжамы бойынша, жұмада елордада күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттан жылдамдығы 2-7 м/с құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде -23-25°С, күндіз -14-16°С, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
"12 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -20-22°С, күндіз -11-13°С құрайды.
13 қаңтарда да көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 9-14 м/с дейін күшейеді. Сынап бағанасы түнде -13-15°С, күндіз 5-7°С көрсетеді", – делінген "Қазгидрометтің" хабарламасында.