26-27 қараша күндері Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп жазады inbusiness.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде келесі тауар түрлері ұсынылады: ет және шұжық өнімдері, ұн мен макарон өнімдерінің әртүрлі түрі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрі және т.б.
Ақпаратқа сәйкес, барлық өнім нарықтан 10-15% төмен бағада сатылмақ.
Айта кету керек, жәрмеңке Т.Жүргенов көшесі, 29 мекенжайында өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу