"Қазгидромет" РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Синоптиктердің хабарлауынша таяу күндері Қазақстан аумағында ауа-райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Елдің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына жоғары қысым аумағы әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа-райы сақталады.
"Қазақстанның қалған аумағы әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған орай қар мен жаяу бұрқасын және жел күшейеді деп күтілуде.
Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді, алайда республиканың оңтүстігінде ауа температурасының күндіз 5 градус аяз – 3 градус жылыдан 5-10 градус жылыға дейін, елдің оңтүстік-шығысында 8 градус аяз – 3 градус жылыдан 0-5 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі", - делінген хабарламада.