Астанада алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы, аздаған қар жауады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Синоптиктердің болжамынша, 15 желтоқсанда қалада күн құбылмалы, күндіз аздаған қар жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстікке ауысатын желдің екпіні 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -11...-13°С, күндіз -3...-5°С құрайды.
"Жексенбі, 16 желтоқсанда көшпелі бұлт шығып, аздаған қар жауады. Желдің бағыты солтүстік-батысқа қарай ауысып, оның жылдамдығы 9-14 м/с құрайды. Түнде ауа температурасы 9...-11°С, күндіз -6...-8°С", – делінген "Қазгидрометтің" хабарламасында.
17 желтоқсанда көшпелі бұлт шығып, қар жауады. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с құрайтын жел соғады. Сынап бағанасы түнде – 11...-13°С, күндіз – 6...-8°С көрсетпек.