Қазақстан аумақтарында антициклонның ықпалынан, арктикалық ауа массалары келе басталды. Сондықтан демалыс күндері, еліміздің шығыс және оңтүстік аймақтарынан басқа, бірқатар облысында жауын-шашынсыз ауа райы суық болады деп күтілуде.
Шығыста сенбі күні қар жауып, боран соғып, екпінді соққан жел сақталады. Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне қар жауып, боран соғып, тұман басып, батыстан күшті жел соғып, белсенді фронттар аймағы ықпал ететін болады, делінген Қазгидрометтің таратқан ақпаратында.
Еліміздің түгелге дерлік аумағындағы ауа температурасы климаттық нормадан 5-10 ° C төмен болады деп болжанып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу