Демалыс күндері ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі

343

Найзағай жарқылдап, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Демалыс күндері ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі Фото: egemen.kz

Қазгидромет синоптиктері 15-17 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Таяу күндері Қазақстанның көп бөлігіне Мәскеу аудандарынан келген циклон әсер етеді. Осының салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Көп өңірлерде өткінші жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде кей уақытта қатты жауын болады.

Найзағай жарқылдап, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Соның өзінде Қазақстанға Жерорта теңізінен өте жылы ауа жылжи береді, нәтижесінде көп облыстарда термометр бағаны күндіз +27+35°С дейін, ал оңтүстікте +35+42°С дейін жоғарылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу