Демалыс күндері аяз болады деп күтілуде - синоптиктер

381

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында алғашқы аяздар күтілуде. 

Демалыс күндері аяз болады деп күтілуде - синоптиктер Фото: free

"14-16 қазан республиканың басым бөлігінде күндіз термометр 10-20 градусқа жетеді. Түнде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде 1-3 градус аяз күтілуде", - деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамынша, фронтальды учаскелердің әсерінен алдағы үш тәулікте солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ оңтүстік-шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Республиканың батысы мен оңтүстігінде атмосфералық қысымның жоғарылау өрісінің әсерінен ауа райы басым жауын-шашынсыз болады, Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу