Демалыс күндері аяз салдарынан ақмолалық үш тұрғын қайтыс болды

721

Демалыс күндері аяз салдарынан ақмолалық үш тұрғын қайтыс болды

Өткен демалыс күндері үсік салдарынан Ақмола облысының үш тұрғыны қайтыс болды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Бурабай ауданы Щучинск қаласының әр аумағынан 1980 жылы және 1954 жылы туған екі ер адам мен 1967 жылы туған әйелдің денесі табылды.

"Денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлімнің алдын ала себебі – үсік шалу", – деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметтеріне сүйенсек, қайтыс болғандардың бәрі алкоголь өнімін тұтынған.

Осы күндері Ақмола облысындағы ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеді. Кей жерлерде 45 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу