Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді. Қалың қар жауып, көктайғақ болып, бұрқасын жел соғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елдің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болып, екпінді жел күтіледі. Республиканың батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. 21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады.
23 желтоқсанға таяу батыс антициклонының ауысуы әсерінен республиканың оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура фонында күрт өзгеріс болмайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу