Демалыс күндері ел аумағында күн жылы болады

286

Синоптиктер Қазақстандағы 16, 17, 18 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Демалыс күндері ел аумағында күн жылы болады Фото: inbusiness.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, ел аумағында аяз әлсірейді.

"Түнде ауа температурасы бірте-бірте батыста – 0-10°C-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстік және оңтүстік-шығыста -5-15°C-қа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.

Бірақ болжам бойынша, елдің шығысында аяз бұрынғысынша -22-35°С-қа дейін төмендейді.

"Осы апта бойы Қазақстанның бүкіл аумағында дерлік ашық және аязды ауа райын тудырған антициклон солтүстік-шығысқа қарай ығыса бастады. Осыған байланысты аяз әлсірейді деп болжанды. 2009 жылы Солтүстік Атлантикада басталған циклон республиканың батысынан әрі қарай жылжи бастайды. Ол қар, боран, көктайғақ жағдайы және желдің күшеюі түрінде қарқынды жауын-шашын әкеледі. Әуелі батысқа, содан кейін ауысқан сайын, басқа аймақтарға", - деді синоптиктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу