Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

170

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің қозғалысы айқындайтын болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады Фото: Posta-Magazine.ru

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.

"Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады, сондай-ақ бұршақ түсуі де мүмкін", – дейді "Қазгидромет" РМК.

Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы +22...+30°С- дан +30..+37°С-ге дейін көтеріледі.

Еліміздің солтүстік-батысында да сынап бағаны +20...+30°С-ден +23...+33°С-ге дейін жоғарылайды.

Республикамыздың солтүстігінде ауа температурасы +18...+ 28°С болады.

Қазақстанның шығысы мен орталығында сынап бағаны +23...+34°С-ден, сондай-ақ кей жерде +35...+38°С-ден +20...+33°С-ға дейін төмендейді деп болжанады.

Қазақстанның оңтүстігінде +25...+35°-С-ден +29...+37°С-ға дейін көтеріледі деп күтіледі, ал оңтүстік-шығыста +30...+39°С аптап ыстық сақталады.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың сәуірі Қазақстандағы метеобақылау кезеңіндегі ең ыстық кезеңдердің бірі ретінде тарихқа енгенін айтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу