Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде аяз болады

717

Синоптиктер 26-28 қаңтарға ауа райы болжамын ұсынды.

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде аяз болады

"Қазгидромет" алдағы күндері республиканың басым аймағында түнде -30 бен -38 градусқа дейін аяз болады деген хабар таратты. Ал күндіз сынап бағанасы  -18 мен -27 градусты көрсетеді екен.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында жел күшейіп, бұрқасын болады.

Сондай-ақ синоптиктер 26 қаңтарда Солтүстік өңірлердің кей жерлерінде боран күшейеді деп болжады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші – 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу