Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

852

11-13 маусымға арналған ауа райы болжамы.

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Екі циклон – Солтүстік-Батыс пен Оңтүстіктің бірігуінен республиканың бүкіл аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, 11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 22-30-дан 17-26 градусқа дейін төмендеп, оңтүстік-батыста ауа температурасы 25-35 градусқа дейін жылынады. Солтүстікте ауа температурасы 20-28-ден 25-30 градусқа дейін ауытқиды, елдің шығысында 28-37-ден 24-33-ке дейін төмендейді, орталықта 22-30-дан 27-32-ге дейін жоғарылайды, оңтүстікте 35 градус ыстық, еліміздің оңтүстік аймақтарында ыстық басылып, 25-35-тен 20-30 дейін төмендейді, деп inbusiness.kz. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу