Демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде карантин режимі қайта күшейтіледі

1357

Атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен қалаларымен қатар, Маңғыстау, Ақмола, Атырау және Батыс Қазақстанмен Алматы облыстарында шектеу енгізілмек.  

Демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде карантин режимі қайта күшейтіледі

Алдағы демалыс күндері карантин шаралары қайта күшейтіледі, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.

Барлық сауда орталықтары, сауда үйлері және өзге де тауар сататын базарлар мен ірі дүкендер жұмыс істемейді. Бұдан бөлек, қоғамдық көліктер жұмысын уақытша тоқтады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары да демалыс күндері жабық болады. Тек қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен үй маңындағы азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Олар таңғы сағат 10-нан кешкі  17:00-ге дейін ашық болады. Сәйкесінше тұрғындарға тек жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға, сондай-ақ медициналық қызмет алу үшін сыртқа шығуға болады. Ал, жұмыс істейтіндердің арнайы рұқсат қағазы болуы қажет.

Демас күндері сауда орталықтарын жабу дұрыс шешім емес. Ірі сауда желілері Үкімет шығарған кезікті қаулыға осылай деп қарсылықтарын танытып отыр. Мәселен, сондай сауда орталықтарының бірінің PR-менеджері Дмитрий Шишкиннің айтуынша, мұнымен вирусты керісіенше өршітіп алуымыз мүмкін. Себебі үйі маңындағы шағын дүкендердің көбінде қауіпсіздік талаптары қажетті деңгейде сақталмайды. Әрі адамдар да ара қашықтықты ұстап тұруы мүмкін емес. Азық-түліктің де бағасы қымбатқа шықпақ. Оның үстіне, әрбір демалыс сайын шектеу қою ірі сауда трафигін бұзғады. Ал бұл бизнеске керісінше жығылғанға жұдырып болып тиіп, шығынды еселетпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу