4-5 наурыз күндері елордалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен қалалық жәрмеңке ашылады, деп жазады inbusiness.kz
"Жәрмеңке әр демалыс сайын Сауран көшесі, 7 мекенжайында өтеді. Кәсіпкерлер елорда тұрғындары мен қонақтарына сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, азық-түлік өнімдері, ет сиыр еті, жылқы еті, қой еті, тауық еті және т.б. тауар түрлерін ұсынады. Жәрмеңке 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді", - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, өнімдер нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу