Атап айтқанда ірі сауда орындары, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларын қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтайды, деп хабарлайды Atameken Business.
Жабық базарлар, сұлулық және сән салондары, спа орталықтары, бассейн, жаттығу залдары, ашық аспан астындағы атрракциондар мен хауыздар да жұмыс істемейді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары алдын ала жазылу тәртібі бойынша ғана таңғы сағат 9-ан кешкі 8-ге дейін адамдарды қабылдай алады. Алматның бас санитары дәрігері қабылдаған қаулыға сәйкес тек санаулы ғана салалардың өкілдері сенбі-жексенбі күндері жұмыс істеуге рұқсаттары бар.