Демалыс күндері және келесі аптаның басында еліміздің өңірлерінде қар жауып, 15-20, кей жерлерде 25 м/с жел тұрады әрі температура төмендейді.
Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік бөлігінде қар аралас жаңбыр, тұман болады. 200-500 метрге дейін көру мүмкіндігі төмендейді, көктайғақ күтіледі. Жексенбі күні еліміздің оңтүстігінде батыстан 20-25 м/с күшті жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 28 м/с дейін жетуі ықтимал.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу