Астана қаласының 20-жылдығына орай 30 маусым және 1 шілде күндері Астана қаласында Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты
Жәрмеңке Мұңайтпасов 8 мекен-жайында орналасқан "Қазақстан" спорт кешенінің аумағында өткізіледі.
Жәрмеңке алаңына 50 сауда палаткалары орналастырылады.
Жәрмеңкеде аудан және қалалардың 50 шаруа қожалығы, сонымен қатар "Қарағанды – Нан Корпорациясы", "Нәтиже-Сүт" ЖШС, "Евразиан Фудс" АҚ, "Бидай НАН" ЖШС, "Тұлпар Фирмасы" ЖШС қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады.
- ет және ет өнімдері – 83 тонна;
- сүт өнімдері – 19 тонна;
- жұмыртқа – 520 мың дана;
- балық – 3 тонна;
- нан-тоқаш бұйымдары – 8 тонна;
- басқа да өнімдер – 19 тонна.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу аясында бауырсақ және қымыз фестивальдері ұймдастырылып, Осакаровка, Абай және Нұра аудандарының шығармашылық ұжымдарымен үлкен концерттік бағдарлама ұсынылады.