Демалыс күндері Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, Қазақстанға скандинавиялық циклонның әсері тек дүйсенбіге қарай аяқталуы мүмкін. Біртіндеп атмосфералық қысым жоғарылай бастамақ.
"Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз -15...-20°, түнде -20...-28° дейін аяз болады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ елдің оңтүстік жартысында ауа райы жылына түседі. Дегенмен жел соғып, жаңбыр жауады. Сондай-ақ көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу